Көзбұршақтың бұлыңғырлануы / катаракта
Карипразиннің клиникаға дейінгі зерттеулерінде катарактаның дамуы байқалды. Сондықтан клиникалық зерттеулерде катарактаның пайда болуы көзді саңылаулы шаммен тексеру арқылы мұқият бақыланды, ал катарактаға шалдыққан пациенттер зерттеулерден шығарылды. Шизофренияны емдеуге арналған карипразинді клиникалық әзірлеме бағдарламасы барысында катарактаның бірнеше жағдайы тіркелді, бұл көрудің бұзылуынсыз көзбұршақтың елеусіз бұлыңғырлануымен сипатталады (13/3192; 0,4%). Бұл пациенттердің кейбіреулерінде ауырлататын факторлар болды. Көру мүшесі тарапынан жиі тіркелетін жағымсыз құбылыс анық көрмеу болды (плацебо: 1/683; 0,1%, карипразин: 22/2048; 1,1%).
Биполярлық мания мен депрессияны қысқа мерзімді зерттеулерде көру мүшесі тарапынан жиілігі көбірек жағымсыз құбылысы да анық көрмеу болды (плацебо: 5/433; 1,2%, карипразин 10/255; 3,9% және плацебо 2/545; 0,4%, карипразин 11/1014; сәйкесінше 1,1%).
Манияны біріккен зерттеулерде көру органы тарапынан жиілігі көбірек кездесетін жағымсыз құбылыс таанық көрмеу болды (17/485; 3,5%). Терапевтік доза диапазонындағы биполярлық мания мен биполярлық депрессияны зерттеуде катаракта сияқты жағымсыз құбылыстың дамуы туралы хабарланған жоқ.
Қосымша терапия ретінде карипразин алған пациенттердегі АДБ зерттеулерінде көру органы тарапынан жиірек кездесетін жағымсыз құбылыс көрудің анық болмауы болды (плацебо + антидепрессиялық терапия (АДТ): 12/1108; 1,1%; карипразин 1,5–3 мг + АДТ: 71/1822; 3,9%). Емдік дозалар ауқымында қабылдаған кезде АДТ зерттеулерінде катаракта сияқты жағымсыз құбылыстың дамуы туралы хабарланған жоқ.
Экстрапирамидалық симптомдар
Шизофренияның қысқа мерзімді зерттеулерінде ЭПС дамуы тиісінше карипразин, плацебо, рисперидон және арипипразол қабылдаған пациенттердің 27%, 11,5%, 30,7% және 15,1% - да байқалды. Акатизия сәйкесінше карипразин, плацебо, рисперидон және арипипразол қабылдаған пациенттердің 13,6%; 5,1%; 9,3% және 9,9% тіркелді. Паркинсонизм тиісінше карипразин, плацебо, рисперидон және арипипразол қабылдаған пациенттердің 13,6%; 5,7%; 22,1% және 5,3% - да байқалды. Дистония тиісінше карипразин, плацебо, рисперидон және арипипразол қабылдаған пациенттердің 1,8%; 0,2%; 3,6% және 0,7% - да байқалды.
Шизофрениядағы ЭПС емдік әсерінің сақталуын ұзақ мерзімді зерттеудің плацебо-бақыланатын фазасында плацебо тобындағы 3,0% - бен салыстырғанда карипразин тобындағы пациенттердің 13,7% - ында байқалды. .Акатизия карипразин қабылдаған пациенттердің 3,9% - ында және плацебо қабылдаған пациенттердің 2,0% - ында тіркелді. Паркинсонизм сәйкесінше карипразин және плацебо топтарындағы пациенттердің 7,8% және 1,0% - ында байқалды.
Шизофрениядағы ЭПС теріс симптоматикасын зерттеуде карипразин тобындағы пациенттердің 14,3% - ында және рисперидон тобындағы пациенттердің 11,7% - ында анықталды. Акатизия карипразин қабылдаған пациенттердің 10,0% - ында және рисперидон қабылдаған пациенттердің 5,2% - ында байқалды. Паркинсонизм сәйкесінше карипразин және рисперидон топтарындағы пациенттердің 5,2% - ында және 7,4% - ында байқалды. Көп жағдайда ЭПС жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесінде болды және ЭПС емдеу үшін әдеттегі дәрілік препараттардың көмегімен жойылды. ЭПС-пен байланысты ЖДР салдарынан емдеуді тоқтату жиілігі төмен болды.
Биполярлық манияны 3 апталық зерттеуде акатизия мен орнында отыра алмауды қоспағанда, экстрапирамидалық симптомдармен байланысты жағымсыз дәрілік реакциялардың тіркелу жиілігі плацебо қабылдаған пациенттердегі 11,3%-бен салыстырғанда карипразинмен ем алған пациенттерде 27,5% құрады.
Акатизия мен орнында ұзақ отыра алмаудыңтуындау жиілігі плацебо қабылдаған пациенттердегі 5,5% -бен салыстырғанда карипразинмен ем алған пациенттерде 23,5% құрады.
Паркинсонизмнің пайда болу жиілігі плацебо қабылдаған пациенттердегі 8,6% -бен салыстырғанда карипразинмен ем алған пациенттерде 18,4% құрады.
Биполярлық депрессияның бақыланатын зерттеулерінде экстрапирамидалық симптомдармен байланысты жағымсыз дәрілік реакциялардың тіркелу жиілігі плацебо қабылдаған пациенттердегі 7,3% -бен салыстырғанда карипразинмен ем алған пациенттерде 16,3% құрады.
Акатизия карипразинмен емделген пациенттерде 13,4% және плацебо тобында 6,4% - да тіркелген. Паркинсонизм карипразин мен плацебо қабылдаған пациенттердің тиісінше 3,1% және 1,7% - да байқалды.
Қосымша терапия ретінде карипразинмен емделген пациенттердегі АДБ зерттеулерінде акатизия мен тағатсыздықты қоспағанда, ЭПС–мен байланысты жағымсыз дәрілік реакциялардың жиілігі 1,5-3 мг карипразин + АДТ қабылдаған топта 7,3% құрады, ал плацебо + АДТ тобында 3,6%. Карипразин 1,5–3 мг + АДТ қабылдаған пациенттерде акатизия мен тағатсыздықтың пайда болу жиілігі 18,5% және плацебо + АДТ тобында 4,1% құрады. Паркинсонизм 1,5–3 мг карипразин + АДТ қабылдаған пациенттердің 4,5% және плацебо + АДТ тобында 1,8% сәйкесінше байқалды.
Вена тромбоэмболиясы (ВТЭ)
Психозға қарсы препараттарды қолдану кезінде веналық тромбоэмболия жағдайлары тіркелді, оның ішінде өкпе артериясының тромбоэмболиясы және жиілігі анықталмаған терең веналар тромбозы.
«Бауыр» ферменттері белсенділігінің артуы
Антипсихоздық препараттарды қолданғанда бауыр трансаминазалары (АЛТ, АСТ) белсенділігінің жоғарылауы жиі байқалады. Карипразиннің шизофрениядағы клиникалық зерттеулерінде АЛТ, АСТ белсенділігінің арту жиілігі карипразин қабылдаған пациенттерде 2,2%-ды, рисперидон қабылдаған пациенттерде 1,6%-ды және плацебо қабылдаған пациенттерде 0,4% - ды құрады. Карипразинді қолданған кезде бауырдың зақымдануы байқалмады.
Манияны зерттеуде "бауыр" ферменттері белсенділігінің жоғарылау жиілігі карипразин тобында 1,7% және плацебо тобында 1,2% құрады. Биполярлық депрессияны зерттеуде "бауыр" ферменттері белсенділігінің жоғарылау жиілігі карипразин тобында 1,3% және плацебо тобында 0,7% құрады.
Қосымша терапия ретінде карипразин қабылдаған пациенттердегі АДБ зерттеулерінде "бауыр" ферменттерінің белсенділігінің жоғарылау жиілігі 1,5–3 мг карипразин + АДТ алған топта 0,66% және плацебо + АДТ тобында 1,35% құрады.
Дене салмағының өзгеруі
Шизофренияны емдеудің қысқа мерзімді зерттеулерінде карипразин тобында плацебо тобымен салыстырғанда дене салмағының біршама айқын өсуі байқалды: сәйкесінше 1 кг және 0,3 кг. Шизофрения терапиясында емдеу кезеңінің соңына қарай емдік әсерді сақтаудың ұзақ мерзімді зерттеуінде бастапқы мәнге қатысты дене салмағының өзгеруінің клиникалық маңызды айырмашылықтары байқалмады (карипразин тобында 1,1 кг және плацебо тобында 0,9 кг).
Зерттеудің ашық фазасында карипразинді қабылдаудың 20 аптасы ішінде пациенттердің 9,0% - ында дене салмағының әлеуетті клиникалық елеулі артуы (≥ 7% артуы ретінде анықталатын) дамыды, жасырын салыстырылмалы фазасында карипразинді қабылдауды жалғастырған пациенттердің 9,8% - ында дене салмағының әлеуетті клиникалық елеулі артуы карипразинді ашық режимде қабылдағаннан 20 аптадан кейін плацебо тобына рандомизацияланған пациенттердің 7,1% - бен салыстырғанда байқалды. Теріс симптоматиканы зерттеуде дене салмағының орташа өзгеруі карипразинді қабылдау кезінде -0,3 кг және рисперидонды қабылдау кезінде +0,6 кг құрады, ал дене салмағының әлеуетті клиникалық елеулі артуы карипразин тобындағы пациенттердің 6% - ында және рисперидон тобындағы 7,4% - да байқалды. Манияның қысқа мерзімді зерттеулерінде дене салмағының орташа өзгеруі екі топта да бірдей болды: плацебо тобында +0,2 кг және карипразин тобында +0,5 кг болды. Ұзақ мерзімді мания зерттеуінде бастапқы мәнге қатысты соңғы нүктенің (дене салмағының) орташа өзгерісі шамамен 1 кг болды. Ұзақ мерзімді мания зерттеуінде пациенттердің 9,3% -да дене салмағының ықтимал клиникалық елеулі артуы байқалды (бастапқы мәнге қатысты ≥ 7% артуы).
Биполярлық депрессияны зерттеуде емдеу кезеңінің соңына қарай бастапқы мәнге қатысты дене салмағының орташа өзгеруінің клиникалық маңызы болған жоқ (плацебо үшін -0,1 кг, 1,5 мг карипразин үшін 0,7 кг және 3 мг карипразин үшін 0,4 кг).
Қосымша терапия ретінде карипразин қабылдаған пациенттерде қысқа мерзімді АДБ зерттеулерінде емнің салыстырмалы жасырын кезеңінің соңына қарай дене салмағының бастапқы мәніне қатысты орташа өзгеруі сәйкесінше карипразин + AДT тобында 0,84 кг және плацебо + ADT тобында 0,22 кг болды. Қосымша терапия ретінде карипразин қабылдаған пациенттердегі АДБ ұзақ мерзімді зерттеулерінде ашық емдеу кезеңінің соңына қарай дене салмағының бастапқы мәніне қатысты орташа өзгеруі карипразин + AДT тобында 1,56 кг құрады.
QT аралығының ұзаруы
QT аралығының ұзаруын клиникалық плацебо-бақылаумен зерттеуде QT аралығының ұзаруы карипразинді қолдану кезінде байқалмаған (5.1 бөлімін қараңыз). Басқа клиникалық зерттеулерде карипразинді қабылдаған кезде күрделілік критерийлеріне жауап бермеген, QT аралығы ұзаруының небары бірнеше жағдайлары тіркелді. Емдеудің ұзақмерзімді ашық кезеңі барысында 3 пациентте (0,4%) Базетт түзетуімен (QTcB) >500 мс QT аралығының ұзақтығы тіркелді. Сондай-ақ осы пациенттердің бірінде Фридериция түзетуімен (QTcF) >500 мс. QT аралығының ұзақтығы байқалды. Бастапқы QTcF аралығының 60 мс астам ұзаруы 7 пациентте (1%), ал QTcF – 2 пациентте (0,3%) байқалды. Шизофрениядағы емдік әсердің сақталуын ұзақмерзімді зерттеудің ашық фазасында бастапқы QTcB аралығының 60 мс-тан астам ұзаруы 12 пациентте (1,6%), ал QTcF – 4 пациентте (0,5%) байқалды. Жасырын салыстырмалы емдеу кезеңі барысында бастапқы QTcB аралығының 60 мс артық ұзаруы карипразин қабылдаған 3 пациентте (3,1%) және плацебо қабылдаған 2 пациентте (2%) байқалды.
Карипразин тобындағы бір пациентте және плацебо тобындағы екі пациентте қысқа мерзімді мания зерттеулерінде Базетта (QTcB) түзетуімен QT аралығының ұзақтығы бастапқы деңгейден кейін > 500 мс құрады. Пациенттердің ешқайсысында Фридериция (QTcF) > 500 мс түзетуімен QT аралығының ұзақтығы байқалмаған.
Ұзақ мерзімді мания зерттеулерінде карипразин қабылдаған пациенттердің ешбірінде бастапқы деңгейден QTcB немесе QTcF > 500 мс аралықтарының ұзақтығы байқалмады.
ЭКГ нәтижелерімен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстар байқалмады.
Биполярлық депрессияның зерттеулерінде карипразиннің модальды тәуліктік дозаларын қабылдаған екі топтағы және плацебо тобында бірнеше пациентте QTcB және QTcF аралықтарының жасырын салыстырмалы емдеу кезеңінде кез келген уақытта бастапқы деңгейден > 60 мс ұлғаюы байқалды: плацебомен салыстырғанда 0,4% (2/510) карипразин бойынша 0,9% (10/1167) жиынтығы және сәйкесінше 0% (0/510) плацебомен салыстырғанда жиынтығы карипразин бойынша 0,2% (2/1167) болды.
Қосымша терапия ретінде карипразин қабылдаған пациенттердегі АДБ қысқа мерзімді зерттеулерінде QTcB аралығының бастапқы деңгейден > 60 мс ұлғаюы карипразин + АДТ тобында 0,4% және плацебо + АДТ тобында - 0,3% құрады. QTcF аралығының бастапқы деңгейден > 60 мс ұлғаюы екі топта бірдей болды (0,1%). Қосымша терапия ретінде карипразин қабылдаған пациенттерде ұзақ мерзімді АДБ зерттеулерінде QTcB және QTcF аралықтарының ұлғаюы бастапқы деңгейден > 60 мс карипразин + AДT тобында 0,6% құрады.
Күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау
Дәрілік препараттың «пайдасы-қаупі» арақатынасының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету мақсатында препаратты тіркегеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды болып табылады. Медицина қызметкерлеріне дәрілік препараттың кез-келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің жағымсыз реакциялары туралы ұлттық хабарлау жүйелері арқылы хабарлау ұсынылады.
Ресей Федерациясы
Федералдық денсаулық сақтау саласын қадағалау жөніндегі қызмет
Мекенжайы: 109012 Мәскеу қ., Славянская алаңы, 4 үй, 1 құр.
Телефон: +7 800 550-99-03
Электрондық пошта: pharm@roszdravnadzor.gov.ru
Интернет-сайт: https://www.roszdravnadzor.gov.ru
Беларусь Республикасы
«Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалар және сынақтар орталығы» Республикалық унитарлық кәсіпорны
Мекенжайы: 220037 Минск қ., Товарищеский тұйық көш., 2а
Фармакоқадағалау бөлімі
Телефон: +375 17 242-00-29
Электрондық пошта: rcpl@rceth.by
Интернет-сайт: https://www.rceth.by
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Мекенжайы: 010000 Астана қ., А. Иманов көш., 13
Телефон: +7 (7172) 235 135
Электрондық пошта: pdlc@dari.kz
Интернет-сайт: https://www.ndda.kz